Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында үлкен өрт болды


Ақтөбе облысындағы өрт. 03 шілде 2010 жыл

Ақтөбе облысындағы өрт. 03 шілде 2010 жыл

«Батыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 9 мың гектарға жеткен өрт сөндірілді» деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

Бұл ақпаратқа қарағанда, өрт Батыс Қазақстан облысының Қабыршақты, Жаңабұлақ және Алғабас ауылдық округтерінің 3798 гектар жеріне жайылған. Қабыршақты ауылдық округінде қорада тұрған 80 қой тірідей өртеніп кеткен.

Өрт сөндіруге басқа да техникалармен қатар төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы да қатысқан.
XS
SM
MD
LG