Accessibility links

Ақмола облысында жол апатынан 15 адам қаза тапты


Соқтығысып қалған көліктер. (Көрнекі сурет).
Соқтығысып қалған көліктер. (Көрнекі сурет).
Ақмола облысында жүк көлігі мен автобус және жеңіл көлік соқтығысып, 15 адам қаза тапты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Жол апаты жексенбі күні түнге қарай Алматы-Екатеринбург жолының 130-шақырымында, облыстың Бабатай ауылының тұсында болған. Астана-Қарағанды бағытында кетіп бара жатқан ішінде 31 адамы бар жолаушылар автобусы мен жүк көлігі және жеңіл Audi көлігі соқтығысқан.

Жол апатынан автобустың жүргізушісі мен оның 14 жолаушысы сол жерде қаза тауып, 22 адам жараланған.
XS
SM
MD
LG