Accessibility links

Қытайда саясаткердің әйелі өлім жазасына кесілді


Гу Кайлай сот залында. Хэфэй, 9 тамыз 2012 жыл.
Гу Кайлай сот залында. Хэфэй, 9 тамыз 2012 жыл.
Қытайда бұрынғы жоғары шенді саясаткер - Бо Силайдың әйелі Гу Кайлай өлім жазасына кесілді. Бірақ үкім кейін орындалады. Бұл - бірнеше жылдан соң өлім жазасы өмір бойы түрмеде отырумен алмастырылыуы мүмкін деген сөз.

Гу Кайлай сотта ақша дауына байланысты күйеуінің іскер серігі, ұлыбританиялық Нейл Хейвудты улап өлтіргенін мойындады. Кайлай "Хейвуд ұлына қоқан-лоққы көрсете бастаған соң қылмысты жасағанын" айтады.

Бо Силайдың өзі наурызда партия тәртібін бұзды деген айыппен Қытай коммунистік партиясының орталық комитеті мен саяси бюросы қатарынан шығарылған еді.
XS
SM
MD
LG