Accessibility links

ОАР ереуілшілер мен полицейлерді бір апта аза тұтады


Полиция мен қаза тапқан шахтерлер. Рустенбург, Оңтүстік Африка Республикасы. 16 тамыз 2012 жыл.
Полиция мен қаза тапқан шахтерлер. Рустенбург, Оңтүстік Африка Республикасы. 16 тамыз 2012 жыл.
Оңтүстік Африка Республикасының (ОАР) президенті Джейкоб Зума ереуілші шахтерлер мен полицейлер арасындағы қақтығыста қаза болғандарды бір апта аза тұтуға жарлық шығарды.

Ел астанасы Йоханнесбургтен 100 шақырым жердегі Марикана платина шахтасында соңғы 10 күнде болған қақтығыста 44 адам қаза тапқан. Оның екеуі - полицейлер, өзгесі - шахтерлер.

Арнайы полиция басқармасы оқиғаға байланысты тәуелсіз тергеу жүргізетінін хабарлады. Оның негізгі міндеті - полицияның ереуілшілерге оқ атқаны қаншалықты дұрыс-бұрыс екенін анықтау. Полицейлер бұған дейін "жұмысшылар ызалы және қолдарында атыс қарулары болғанын" айтқан.

Бұған дейін президент тағайындаған үкіметтік комиссия оқиғаны тергеуді бастап кеткен.

Жұмысшылар шахтаның иесі Lonmin компаниясынан жалақыны көтеруді талап еткен. Ал компания шахтерлердің ереуілін заңсыз деп жариялап, олардан жұмысқа шығуды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG