Accessibility links

Олимпиада жүлдегерлерінің бапкерлері марапатталды


Олимпиада чемпиондарын марапаттау салтанаты. Астана, 17 тамыз 2012 жыл. (Сурет спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметінен алынды).

Олимпиада чемпиондарын марапаттау салтанаты. Астана, 17 тамыз 2012 жыл. (Сурет спорт және дене шынықтыру агенттігінің баспасөз қызметінен алынды).

Қазақстанның спорт және дене шынықтыру агенттігі Лондон олимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізген білікті бапкерлерге мемлекеттік наградаларды табыстады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Олимпиада чемпиондары Майя Манеза мен Зүлфия Чиншанлоның жеке бапкері Виктор Ни, Серік Сәпиевтің жеке жаттықтырушысы Александр Стрельниковке және Ольга Рыпакованың бапкері Сергей Алексеевке ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені табысталды.

Ал 2005 жылы ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына кеңесші ретінде келген түрік маманы Энвер Түркелериге «Парасат» ордені берілді.

«Құрмет» орденімен Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, жеңіл атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Вячеслав Сокирко, Илья Ильиннің жеке бапкері Ержас Болтаев, Әділбек Ниязымбетовтің жаттықтырушысы Марат Жәкиев, Иван Дычконың бапкері Владимир Шайрер, бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлері Берік Мыржықпаев, Вадим Присяжнюк марапатталды.

Күрестен Ақжүрек Таңатаров, Гөзал Манюрова және Даниял Гаджиевтің бапкерлері Сәкен Аязбеков, Сергей Кручин, Әділет Сарыбаевқа да осы награда берілді.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG