Accessibility links

Жаңа Зеландия Ауғанстаннан әскерін ертерек шығаруы мүмкін


Жаңа Зеландия Ауғанстандағы әскерін мерзімінен бұрын шығарып әкетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін елдің премьер-министрі Джон Кей мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ауғанстаннан әскер 2013 жылдың сәуірінде шығарылуы мүмкін. Бұған дейін Жаңа Зеландия үкіметі Ауғанстандағы әскерін 2013 жылдың соңында әкететінін хабарлаған еді.

Премьер-министр үкіметтің бұл шешімі кеше бомба жарылысынан Жаңа зеландиялық үш сарбаздың оққа ұшқанымен байланысы жоғын айтады. Тамыз айының басынан бері бұл елдің барлығы 5 сарбазы қаза тапқан.

Ауғанстанынң Бамиан уәлаятында Жаңа Зеландияның 145 әскери қызметкері бар. Олар мұнда негізінен құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG