Accessibility links

Атырауда туысы екі сотталушының аузын тіккенін хабарлады


Атырауда УГ 157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, аштық жариялаған төрт сотталушының бірі - Асұлан Аймұратов.
Атырауда УГ 157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, аштық жариялаған төрт сотталушының бірі - Асұлан Аймұратов.
Атырауда өткен аптада аштық жариялаған төрт сотталушының екеуі ауыздарын тігіп, аштықты одан ары жалғастырып жатыр. Азаттық тілшісіне бұл туралы хабарлаған сотталушылардың бірінің туысы Берік Сәбитовтің айтуына қарағанда, Аслан Ерғалиев пен Бегәлі Шімшиденов ауыздарын өткен жұмада тігіп, құрғақ аштық жариялаған.

УГ 157/9 мекемесінде жазаларын өтеп жатқан Аслан Ерғалиев, Асұлан Аймұратов, Бегәлі Шәмшиденов және Еркін Орынбасаров 4 маусымда "экстремистік мақсаттағы қылмыстық топты құрды, басқарды" деген айыппен 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталған еді. Cот шешіміне наразы олар өткен аптада аштық жариялаған.

Берік Сәбитовтің айтуына қарағанда, оларға қолдау көрсеткен тағы 10 тұтқын аштық жариялаған.

Бұл жайт бойынша облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне хабарласқан Азаттық тілшісіне телефон тұтқасын көтерген кезекші тұтқындардың аузын тіккені туралы ақпарды жоққа шығарды. Департамент өкілі "тұтқындардың жағдайы бірқалыпты, дәрігерлер ұдайы бақылап отыр" деді.

Төрт сотталушының бірінің өткен аптада өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны және үшеуінің өз-өздерін жаралағаны туралы Азаттық жазған еді.
XS
SM
MD
LG