Accessibility links

Иракта рамазан айында 409 адам қаза тапқан


Иракта мұсылмандар үшін қасиетті саналатын рамазан айында жанкештілер жасаған жарылыстар мен шабуылдардан 409 адам қаза тауып, 975 адам жараланды. Бұл туралы елдің қауіпсіздік қызметі мен денсаулық министрлігіне сілтеме жасаған France Press агенттігі хабарлады.

Тек 23 шілде күні ғана елде 113 адам қаза тауып, 259 адам жараланған.

Сарапшылардың пікірінше, Иракта мұсылмандар ораза ұстайтын рамазан айында зорлық-зомбылық пен жарылыстар көбейеді. Себебі бұл ай шииттер басым тұратын Ирак мұсылмандары үшін өзін-өзі құрбан ету мен азап шегу кезеңі болып саналатындықтан, теракті де жиілейді.

Рамазан айы 20 шілдеде басталып, 18 тамызда аяқталды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG