Accessibility links

Ақмола облысындағы жол апатында 14 адам қаза тапқаны анықталды


Соқтығысқан көліктер. (Көрнекі сурет)

Соқтығысқан көліктер. (Көрнекі сурет)

Нақтыланған соңғы мәліметтер бойынша, Ақмола облысында кеше болған көлік соқтығысынан 15 емес, 14 адам қаза болды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық ішкі істер басқармасының ақпаратына қарағанда, қаза тапқан 14 адамның 5-уінің кімдер екені анықталды. 14-тің жартысы - ер адам ,жартысы - әйелдер. Оның бірі - кішкентай қыз.

Бұған дейін хабарланғандай, жараланған 22 адамның жетеуі Астанадағы жедел жәрдем ғылыми орталығына жатқызылған.

Адам шығыны болған жол апаты жексенбі күні түнде Ақмола облысының аумағында болған еді.
XS
SM
MD
LG