Accessibility links

Қырғызстанда шекарашы 5 адамды атып тастады


Қырғыз-қазақ шекарасындағы Чон-Капка шекара бекеті. Талас аймағы. (Көрнекі сурет).

Қырғыз-қазақ шекарасындағы Чон-Капка шекара бекеті. Талас аймағы. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасына жақын таулы аймақтағы Эчкили-Таш шекара заставасында қызмет ететін сарбаз кеше бес адамды атып тастады. Оның бірі - бекет бастығы, үшеуі - қызметтес сарбаздар және біреуі - шекарашылардың бірінің әйелі.

Deutsche Welle агенттігінің дерегіне қарағанда, заставада барлығы сегіз адам болған. Олардың үшеуі қырғыннан қашып құтылған. Шекарашының бес адамды бірдей не үшін атып тастағаны белгісіз. Қылмыскер өзі өлтірген бастығының көлігіне мініп, қару-жарағын алып қашып кеткен.

Қазір сол маңдағы тауларда жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Ыстықкөл облысында қылмыскерді ұстау шарасы басталды.

Шекарашы әскерге 2011 жылдың күзінде шақырылған және таяуда әскери қызметін аяқтауға тиіс болған.

Оқиға болған застава Ыстықкөлден 100 шақырым, қазақ-қырғыз шекарасынан 20 шақырым жерде.
XS
SM
MD
LG