Accessibility links

Сирияда жапон журналисі қаза тапты


Алеппо қаласында жүріп жатқан ұрыс. Сирия, 13 тамыз 2012 жыл.
Алеппо қаласында жүріп жатқан ұрыс. Сирия, 13 тамыз 2012 жыл.
Сирияның Алеппо қаласында дүйсенбіде жапониялық журналист қаза тапты. Бұл туралы хабарлаған Сирия адам құқықтарын қорғау ұйымының соңғы ақпараты бойынша, тағы үш журналист із-түзсіз жоғалған.

Жапонияның Сириядағы елшілігі Мика Ямомото есімді журналистің қаза тапқанын растап отыр.

Сириялық құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, Ямомота Алеппоның Сулеймения ауданын атқылау кезінде қаза тапқан. Қалада одан басқа түрік және ливан журналисі, Сауд Арабиясының тілшісі жоғалған.

Алеппода бірнеше аптадан бері көтерілісшілер мен үкімет әскері арасында ұрыс жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG