Accessibility links

Украина оппозициясы президенттің үстінен шағым түсірмек


"Батькивщина" оппозициялық партиясы жетекшісінің орынбасары Александр Турчинов.

"Батькивщина" оппозициялық партиясы жетекшісінің орынбасары Александр Турчинов.

Украинаның біріккен оппозициялық күштері президент Виктор Януковичтің үстінен "өз халқына қарсы қылмыстар жасады" деген айыппен ұжымдық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.

Біріккен оппозициялық күштердің орталық сайлау штабының жетекшісі Александр Турчиновтың айтуынша, 17 тамыз күні шағымға 309 мың 711 украиндық қол қойып үлгерген.

"Фронт змин" партиясының жетекшісі Арсений Яценко Украинаның жоғарғы әкімшілік сотына тапсырылатынын айтады. Оның сөзінше, оппозиция Януковичтің зейнетақы реформасы, тіл туралы заңдар мен салық кодексіне қол қоюы, үкімет басшысы мен барлық министрлер кабинетін тағайындауы заңсыз деп санайды.

Президент әкімшілігі бұл жайға орай әзірге еш түсінік берген жоқ.
XS
SM
MD
LG