Accessibility links

Ақтаудағы сотта 27 тамызға дейін үзіліс жарияланды


Владимир Козловтың адвокаты Алексей Плугов.

Владимир Козловтың адвокаты Алексей Плугов.

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің үстінен жүріп жатқан сотта тамыздың 27-сіне дейін үзіліс жарияланды.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, Владимир Козловтың адвокаты Алексей Плугов келесі дүйсенбіге дейін сотқа қатыса алмайтынын айтып, сот отырысын кейінге қалдыруды сұраған. Сотты жүргізіп отырған судья оның өтінішін қанағаттандырған. Сот 27 тамыз күні сағат 9-да қайта басталатын болды.
XS
SM
MD
LG