Accessibility links

Түркіменстанда екінші саяси партия құрылды


Түркіменстанның Өнеркісіп және кәсіпкерлер партиясының съезі. Ашғабад, 21 тамыз 2012 жыл.

Түркіменстанның Өнеркісіп және кәсіпкерлер партиясының съезі. Ашғабад, 21 тамыз 2012 жыл.

Түркіменстанда бүгін ел тарихындағы екінші саяси партия - Өнеркәсіп және кәсіпкерлер партиясы құрылды.

Ашғабадта өткен шағын және орта бизнес өкілдерінің съезінде аталған кәсіпкерлер партиясын құру туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Партия құру съезіне елдің әр аймағындағы бизнес, өндірістік салалар атынан 300 делегат қатысты. Онда партияның жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, төрағасы мен орталық кеңесінің мүшелері сайланды.

Түркіменстан тәуелсіздік алған 20 жылдан астам уақыттан бері бір партиялы мемлекет болып келді. Елдегі жалғыз Демократиялық партияны алғашында бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов басқарса, ол қайтыс болған соң жетекшілік қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің қолына өтті.

Осы жылдың басында президенттің тапсырмасымен дайындалған саяси партиялар туралы заң қабылданды. Таяу уақытта енді аграралық партия құрылады деген болжам бар.

Түркіменстанда келесі парламент сайлауы 2013 жылы өтеді.
XS
SM
MD
LG