Accessibility links

Қырғызстан Беларусьтен Бакиевтің інісін қайтаруды талап етті


Жаныш Бакиев (бергі жақтағы адам). Минск, 17 тамыз 2012 жыл.
Жаныш Бакиев (бергі жақтағы адам). Минск, 17 тамыз 2012 жыл.
Қырғызстан Беларусь билігінен 2010 жылы биліктен тайдырылған экс-президент Құрманбек Бакиевтің інісі Жаныш Бакиевті қайтаруды ресми түрде талап етті. Қырғыз дипломаттары мұндай талапты Беларусь сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне тапсырды.

Мұның алдында ғана интернетте Жаныш Бакиевтің осыдан бір апта бұрын Минскіде түсірілді деген суреті пайда болған. Ол Құрманбек Бакиев билікте отырғанда елдің қауіпсіздік қызметін басқарды. Құрманбек Бакиевтің өзі 2010 жылы сәуірде болған толқуларда биліктен кеткелі бері Беларусьте тұрып жатыр.

Құрманбек пен Жаныш Бакиев және сол тұстағы үкіметтің 20 шақты мүшесі 2010 жылғы толқуларда шерушілерге оқ атылуына қатысы бар деген айыппен сырттай сотталған. Полицияның шерушілерге оқ атуынан сол кезде 100-ге тарта адам құрбан болған.

Беларусь билігі Құрманбек Бакиевті Бішкекке беруден бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG