Accessibility links

Қазақстан президенті Қырғызстанға барады


Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Алмазбек Атамбаев. 19 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Алмазбек Атамбаев. 19 желтоқсан 2011 жыл.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан республикасына мемлекеттік сапары басталады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға президент Алмазбек Атамбаевтың шақыруымен барады. Сапар барысында мемлекет басшылары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 20 жыл толу мерейтойына арналған декларацияға қол қояды.

Жоспар бойынша, 23 тамызда екі ел президенттері түркі тілдес елдер басшыларының саммитіне қатыспақ. Саммитке Түркия президенті Абдулла Гүл, Әзербайжан премьер-министрі Артур Расизаде де келеді деген жоспар бар.
XS
SM
MD
LG