Accessibility links

АҚШ Сирия вице-премьерінің сөзіне сенбейді


Сирия вице-премьері Кадри Джемаль. Мәскеу, 21 тамыз 2012 жыл.

Сирия вице-премьері Кадри Джемаль. Мәскеу, 21 тамыз 2012 жыл.

АҚШ Сирия вице-премьері Кадри Джемальдің "билік пен оппозиция арасындағы келіссөздерде Башар Асадтың отставкаға кету мәселесі талқылануы мүмкін" деген мәлімдемесіне сенбейді.

Мемлекеттік департаменттің өкілі Виктория Нуланд Джемальдің мәлімдемесіне орай "Біз оның сөзінен ешқандай жаңа нәрсе көріп тұрған жоқпыз" деді.

Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен соң Кадри Джемаль "ұлттық бітім жасаспай тұрып Башар Асадтың отставкаға кететінін" жоққа шығарған. Бірақ ол отставка туралы мәселе сөз жүзінде көтерілуі мүмкін екенін де айтты.

Ал Лавров Сирияда ұлттық бітім жасасуға мүмкіндік бар екенін, тек ол үшін "сыртқы ойыншылар" билік пен оппозицияның диалог орнатуына жағдай жасау қажет екенін ескерткен.

АҚШ президенті Барак Обама "Вашингтон әзірге Сириядағы жағдайға әскери жағынан араласуды көздеп отырмағанын", бірақ Башар Асад көтерілісшілерге химиялық қару қолданаса "әңгіме басқаша болатынын" мәлімдеген.

АҚШ пен бірқатар Батыс елдері Башар Асадтың отставкаға кетуін талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG