Accessibility links

Қазақстан президенті Қырғызстанға барды


Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды деп хабарлайды президенттің ресми akorda.kz сайты.

Сапар барысында Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысына және түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің екінші саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Қырғызстанның КирТАГ агенттігінің хабарлауынша, Бішкек әуежайында Назарбаевты Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қарсы алды.

Қазақстан президенті екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнаған 20 жыл ішінде бұл елге ресми сапармен алғаш рет барып отыр.
XS
SM
MD
LG