Accessibility links

ІІМ: Ақсай шатқалында қаза тапқандар 12 болуы мүмкін


Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ақсай шатқалы. Алматы болысы. (Көрнекі сурет).

Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Ақсай шатқалы. Алматы болысы. (Көрнекі сурет).

Алматы облысындағы Іле Алатауы ұлттық паркінде қаза тапқан он екінші адам өртенген қорықшының үйінен табылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, "тергеушілер қорықшының өртенген үйінің үйіндісі астында тағы бір адамның мәйіті болуы мүмкін дегенді де жоққа шығармайды". Бірақ ол тек сот медициналық сараптама жасалған соң ғана белгілі болмақ.

Ресми өкіл қазір қылмысты ашу үшін бірқатар шаралар атқарылып жатқанын да айтты.

13-14 тамыз күндері Алматы облысының аумағындағы "Кордон-Ақсай" шатқалынан 11 адамның мәйіті табылған. Олардың бірі - Іле Алатауы паркінің қорықшысы Панайот Захаропуло.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG