Accessibility links

Серік Баймағамбетовтің ісі сотқа жіберілді


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов. Астана, 2009 жыл. (Ресми сайттағы сурет).
Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов. Астана, 2009 жыл. (Ресми сайттағы сурет).
Қазақстанда кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовтің үстінен "ірі көлемде пара алды және қызметін асыра пайдаланды" деген айыптар бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Баймағамбетовке "комитеттің облыстағы департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындау үшін параға 80 мың АҚШ долларын алды" деген айып тағылып отыр. Оған осы комитетке "өз міндетін орындамаған адамдарды" қызметке алуды бұйырған деген де айып тағылған.

Іс Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер сотына жіберілген.
XS
SM
MD
LG