Accessibility links

Қырғызстан парламентінде басқарушы коалиция тарады


Қырғызстан парламентінің отырысы. Бішкек, 16 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламентінің отырысы. Бішкек, 16 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Бүгін Қырғызстан парламентіндегі төрт фракциядан құралған басқарушы коалиция ыдырады.

Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, көпшілік орынға ие "Республика" партиясының жетекшісі, депутат Қанатбек Исаев бүгін басқарушы коалицияның тарағанын мәлімдеді.

Исаевтың айтуынша, коалиция құрамынан бүгін Өмірбек Текебаевтың "Ата-Жұрт" партиясының фракциясы шығып кеткен. Ал кеше Феликс Куловтың "Ар-Намыс" партиясының фракциясы премьер-министр Өмірбек Бабановтың атына "коалициялық келісімді орындамайды" деп сын айтып, коалиция құрамынан шығып кеткен еді.

Қырғызстан заңы бойынша, коалиция құрамынан екі фракция шықса, ол автоматты түрде ыдырап, үкімет отставкаға кетуі тиіс.

Енді парламенттегі партия өкілдері премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау үшін жаңа коалиция құруы қажет.
XS
SM
MD
LG