Accessibility links

Кенияда этникалық қақтығыстан 52 адам қаза тапты


Кения астанасы Найробиде болған полиция мен демократиялық қозғалыс жақтастарының арасындағы қақтығыс. 3 қаңтар 2008. (Көрнекі сурет).
Кения астанасы Найробиде болған полиция мен демократиялық қозғалыс жақтастарының арасындағы қақтығыс. 3 қаңтар 2008. (Көрнекі сурет).
Кенияның оңтүстік-шығысындағы Рекета аймағында этникалық сипаттағы қақтығыста 52 адам қаза тапты.

Аймақтық полиция бастығының айтуына қарағанда, қақтығыс сейсенбі күні кеште орма және покомо тайпаларының арасында болды. Құрбан болғандар арасында 31 әйел мен 11 бала бар. Олардың көпшілігін шауып өлтірген немесе тірідей өртеген.

Ал халықаралық Қызыл Крест ұйымының дерегі бойынша, қақтығыстан 59 адам қаза тапқан.

Кейбір деректерге қарағанда, қақтығыс екі тайпа арасындағы даулы жайылымға таластан туындаған.

2007 жылдың соңында өткен президент сайлауынан кейін тұтанған қақтығыстардан елде 1 мың 200-ден астам адам құрбан болып, 600 мың адам елден кеткен.
XS
SM
MD
LG