Accessibility links

Тәжікстанда мыңдаған адам наразылық танытты


Хорог тұрғындары дала командирі Имомназар Имомназаровтың қазасына наразылық танытты. Тәжікстан, Таулы Бадахшан, 22 тамыз 2012 жыл.

Хорог тұрғындары дала командирі Имомназар Имомназаровтың қазасына наразылық танытты. Тәжікстан, Таулы Бадахшан, 22 тамыз 2012 жыл.

Тәжікстанда Таулы Бадахшан облысының орталығы - Хорог қаласында мыңдаған адам наразылық танытып орталық алаңға жиналды. Олар үкіметтен аймақтағы әскерилерді шығаруды және облыс басшыларын қызметінен босатуды талап етіп отыр.

Наразылық шарасы сәрсенбіде 1990 жылдары үкіметке қарсы азаматтық соғысқа қатысқан дала командирлерінің бірі Имомназар Имомназаров өз үйінде кісі қолынан қаза тапқан соң басталған.

Жиналғандар Имомназаровтың өлімі қарулы топтар мен үкіметтің өткен айдағы әскери қақтығысынан соң қол жеткізген келісімдері мен бір-біріне деген өзара сенімді бұзды деп санайды. Олар аймақта әскерилердің бұдан ары қала беруі жағдайды шиеленістіріп жібереді деп отыр.

Таулы Бадахшан облысында шілде айында қауіпсіздік қызметінің генералы Абдулло Назаровты белгісіз адамдар өлтірген. Үкімет күштері осыдан соң аймақта бұрынғы дала командирлерінің оппозициялық қарулы топтарына қарсы арнайы операция жүргізді. Билік Назаровтың өлімін Имомназаровтың қарулы тобынан көреді.
XS
SM
MD
LG