Accessibility links

Beeline-ның иесіне айыппұл салынды


Beeline мобильдік сауда маркасының белгісі. (Көрнекі сурет).

Beeline мобильдік сауда маркасының белгісі. (Көрнекі сурет).

"КаР-Тел" ұялы байланыс операторына (Beeline мобильдік сауда маркасының қожайыны) 155 миллион теңге айыппұл салынды деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews сайты.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияға "өзінің нарықтағы жағдайын асыра пайдаланды және тұтынушылар құқығын бұзды" деген айып тағылған. Бұған компанияның Beeline байланыс жүйесінің халықаралық роуминг қызметіне қосылу құнының ең аз сомасы - 15 мың теңге деп белгілегені себеп болған. Бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп, іс Алматының әкімшілік сотына жіберілген.

"Мұндай сома заңда қарастырылмағандықтан соттың шешімімен компанияға 155 миллион теңге айыппұл салынды" дейді агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.

Агенттік осы іске ұқсас тексеру K-Cell ұялы байланыс желісінің операторы "GSM Қазақстан Қазақтелеком" компаниясына қатысты да жүргізілгенін, қазір компанияға 280 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін екенін айтады.
XS
SM
MD
LG