Accessibility links

Иран жетекшісі "қарсылық экономикасын" дамытуды тапсырды


Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей.
Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей.
Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей үкіметке Батыс елдері енгізген санкцияларға қарсы тұратын "қарсылық экономикасы" аталатын даму жолын түзуді тапсырды.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Хаменей үкімет "мемлекеттің барлық күш қуатын пайдаланып, өзімшіл елдердің Тегеранды райынан қайтарамыз деген қиялын күл-талқан етуі тиіс" деді. Ол "қарсылық экономикасы - елдің экономикалық өрлеуін одан ары жалғастыратын бірден-бір жол" деді.

Бірақ Хаменей Батыс елдері салған экономикалық санкцияларға да, елдің ядролық бағдарламасына да арнайы тоқталмады.

Мұның алдында Иранның бірқатар жоғары шенді шенеуніктері АҚШ пен Еуропа Одағының Ираннан мұнай импорттауға эмбарго қойғаны және қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салғаны экономикаға зардап келтіріп жатыр деп мәлімдеген еді.

Тегеран уранды ядролық қару жасауда қолдануы мүмкін деп қауіптенген АҚШ пен өзге елдер Иранды райынан қайтару үшін қаржылық және экономикалық санкциялар салған еді.
XS
SM
MD
LG