Accessibility links

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті


Қырғызстанның үкімет мүшелерінің отырысы. Бішкек, 13 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның үкімет мүшелерінің отырысы. Бішкек, 13 шілде 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Қырғыз үкіметін отставкаға жіберу туралы жарлыққа ел президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды.

Премьер-министр Өмірбек Бабанов үкіметінің отставкаға кетуіне құрамына "Республика", "Ар-Намыс", "Ата Жұрт" партиялары және Социал-демократиялық партиясы кірген басқарушы коалицияның ыдырауы себеп болды.

Бұған дейін "Ар-Намыс" пен "Ата Жұрт" партияларының парламенттегі фракциялары Өмірбек Бабановқа сенімсіздік білдіріп, коалиция құрамынан шығып, коалиция ыдырап кеткен.

Енді үкімет отставкаға кеткеннен соң үш күннен кейін президент фракциялардың біріне әуелі жаңа коалиция құрып, сосын үкіметті жасақтауға мандат беруі тиіс.
XS
SM
MD
LG