Accessibility links

Беларусьте парламент сайлауына 362 үміткер тіркелді


Оппозициялық саясаткер Александр Милинкевич.

Оппозициялық саясаткер Александр Милинкевич.

Беларусьте 23 қыркүйекте болатын парламент сайлауына қатысуға 362 үміткер тіркелді. Тіркелген үміткерлер енді парламенттегі 110 орын үшін сайлауға түседі.

Орталық сайлау комиссиясы 124 үміткерді тіркеуден бас тартқан. Тіркеле алмаған үміткерлер арасында оппозициялық саясаткер Александр Милинкевич те бар. Сайлау комиссиясы саясаткерді депутаттыққа түсуін қолдаған адамдардың қолдары жарамсыз деп тапқандықтан тіркемегенін айтады. Ал Милинкевич тіркеуден бас тартудың саяси себебі бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG