Accessibility links

Тікұшақ апатында қаза тапқандармен қоштасты


"Ми-17" тікұшағы "Дала қыраны - 2010" әскери оқу-жаттығуы кезінде. Алматы, 24 тамыз 2010 ж.

"Ми-17" тікұшағы "Дала қыраны - 2010" әскери оқу-жаттығуы кезінде. Алматы, 24 тамыз 2010 ж.

Бүгін Астанадағы әскери аэродромда "Ми-17" тікұшағының қаза тапқан экипаж құрамымен қоштасу рәсімі өтті деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қаралы шара кезінде әскери қарудан салют беріліп, оркестр азалы музыка орындап, құрметті қарауыл сапқа тұрған. Марқұм ұшқыштарды соңғы сапарға шығарып салуға олардың туған-туыстары, Қазақстан қорғаныс министрлігінің басшы құрамы, бірге қызмет атқарған әріптестері, дос-жолдастары қатысқан.

Бұған дейін қорғаныс министрлігі тікұшақ апатынан қаза тапқан ұшқыштардың әрқайсысының отбасыларына орта есеппен 8-9 миллион теңге ($1=149Т) өтемақы төленетіндігін, сондай-ақ, марқұмдардың жерлеу рәсімдеріне кететін барлық шығындарды да әскери мекеме толықтай өтейтін болады деп хабарлаған.

Тамыздың 22-күні Астана маңындағы аэродромда қорғаныс министрлігіне тиесілі "Ми-17" тікұшағы оқу-жаттығу жасауға ұшып шыққанда апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG