Accessibility links

Талибан басшыларының бірі өлтірілгені хабарланды


Пәкістандық Талибан қозғалысы жетекшілерінің бірі Дадулла молда (ортада) журналистерге сұқбат беріп тұр. Ауған-Пәкістан шекарасы, 2 қыркүйек 2011 ж.

Пәкістандық Талибан қозғалысы жетекшілерінің бірі Дадулла молда (ортада) журналистерге сұқбат беріп тұр. Ауған-Пәкістан шекарасы, 2 қыркүйек 2011 ж.

Ауғанстанның шығыс аймағында НАТО-ның операциясы барысында пәкістандық Талибан қозғалысының жетекшілерінің бірі Дадулла молданың өлтірілгені туралы хабарланды.

АҚШ пен өзге де батыс елдерінің коалициялық күштерінің баспасөз хатшысы майор Мартин Крайтонның айтуынша, жұма күні Пәкістанмен шекаралас Кунар провинциясында әуеден берілген соққылардың нәтижесінде жиыны 12 бүлікшінің көзі жойылған.

Кунар провинциясындағы Шигал ауданының полиция басшысы Саид Рахман бүлікшілердің көпшілігі көршілес Пәкістаннан келгенін айтты.

Дадулла ауған-пәкістан шекарасынан қару-жарақ пен бүлікшілерді өткізуге жауапты болып келген. Ауғанстан үкіметінің, сондай-ақ АҚШ пен оның одақтастарының әскери күштеріне қарсы бірнеше шабуылға Дадулланың қатысы бар деп саналады.
XS
SM
MD
LG