Accessibility links

Сирияда қаза тапқан журналистің денесі Жапонияға жеткізілді


The Japan Press агенттігінің тілшісі Мика Ямамото.
The Japan Press агенттігінің тілшісі Мика Ямамото.
Сирияда қаза тапқан жапон журналисі Мика Ямамотоның сүйегін түрік әуе компаниясының ұшағы бүгін Отанына жеткізді.

Токио әуежайында жұртшылық марқұмды бір минут үнсіз еске алып, кәсіби міндетін атқару кезінде мерт болған журналиске құрмет көрсетті.

Әріптесімен бірге The Japan Press агенттігіне Сириядан хабарлар дайындап жүрген 45 жастағы тәжірибелі журналист Мика Ямамото тамыздың 20 күні Алеппоның Сулеймения ауданын атқылау кезінде қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG