Accessibility links

АҚШ республикалық партиясының жиынына дауыл бөгет болды


Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат Митт Ромни. Айова, 22 тамыз 2012 ж.

Флорида штатына жақындаған "Айзек" дауылы АҚШ-тың республикалық партиясының жоспарлы жиынын кейінге қалдыруға мәжбүр етті.

Республикалық партия өз съезін тамыздың 27-күні Тампа қаласында өткізіп, онда Митт Ромниді АҚШ президентінің кезекті сайлауына осы партиядан кандидат етіп бекітуді жоспарлаған еді.

Республикалық партия енді негізгі шараларды тамыздың 28-күні өткізуді ұйғарғандарын мәлімдеді.

"Айзек" тропикалық дауылының салдарынан бұған дейін Гаитиде төрт адам мерт болды. Дауыл өтетін кейбір аймақтардан мыңдаған адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG