Accessibility links

Сирия оппозициясы ондаған адамның қаза болғанын айтады


Үкіметтің әуе күштерінің соққысынан қираған ғимараттың орнында жүрген балалар. Алеппо, Сирия, 24 тамыз 2012 ж.

Үкіметтің әуе күштерінің соққысынан қираған ғимараттың орнында жүрген балалар. Алеппо, Сирия, 24 тамыз 2012 ж.

Сирия оппозициясы сенбі күні елде ондаған адамның өлтірілгені туралы хабарлады.

Олардың айтуынша, әсіресе үкімет әскері кең көлемді операциялар өткізген Дамаск қаласының маңайындағы елдімекендерде көптеген адам қаза болған. Оппозиция ол маңдағы мерт болғандардың саны екі жүзден астам деп отыр.

Дарайя деп аталатын шағын қалада 23 бейбіт тұрғын көз жұмған, арасында екі әйел мен үш бала бар деп хабарланды. Сол сияқты үкімет күштерінің тікұшақтары мен танктері атқылаған Алеппо мен Идлибте де ондаған адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Сириялық құқыққорғаушылардың дерегі бойынша, елде президент Башар Асадтың режиміне қарулы қарсылыққа ұласқан текетірес басталғалы бері 22 мыңнан аса адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG