Accessibility links

Венесуэладағы жарылыс құрбандарының саны 39 адамға жетті


Мұнай зауытындағы өрт. Көрнекі сурет.
Мұнай зауытындағы өрт. Көрнекі сурет.
Венесуэладағы мұнай өңдеу зауытында кеше болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 39 адамға жетті. Алты адамның сүйегі кімдердікі екендігі әлі анықталмай жатыр.

Төтенше оқиға салдарынан 82 адам жарақат алып, 15-і ауруханаға жатқызылды, 13 отбасы баспанасыз қалып, 200 астам тұрғын үй мен 11 дүкен бүлінді.

Кеше таңертең Венесуэланың солтүстік-батысындағы Парагуана түбегінде орналасқан Амуай қаласындағы ірі мұнай өңдеу зауытында жарылыс болған еді. Бұл мұнай өңдеу зауыты Венесуэланың ұлттық мұнай компаниясының құрамына кіреді.
XS
SM
MD
LG