Accessibility links

Якутияда шахтадағы апаттан екі адам қаза болды


Шахтада жұмыс істеп жатқан машина. Көрнекі сурет.
Шахтада жұмыс істеп жатқан машина. Көрнекі сурет.
Бүгін таңертең Ресей Федерациясының құрамындағы Саха республикасында (Якутия) шахтада болған апат салдарынан екі адам қаза тапқан.

Ресми орындардың деректері бойынша, апат кезінде шахтада барлығы 17 жұмысшы болған, төрт адам түрлі дәрежедегі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жараланғандардың бірінің халі ауыр екендігін айтады.

Апат Удачный тау-кен байыту комбинатының жаңадан салынып жатқан шахтасында 365 метр тереңдікте болған деп хабарланды. Апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Бұл тау-кен комбинаты әлемдегі алмас өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі - "АЛРОСА" компаниясына қарайды.
XS
SM
MD
LG