Accessibility links

Ливияда суфилердің мешіттерін қиратқандардың ісін айыптады


Рамазан айы кезінде ауызашар алдында құлшылық жасап отырған адам. Бенгази, Ливия, 24 шілде 2012 ж.
Рамазан айы кезінде ауызашар алдында құлшылық жасап отырған адам. Бенгази, Ливия, 24 шілде 2012 ж.
Ливия жалпы ұлттық конгресінің төрағасы Мұхаммед Магариф соңғы күндері елде суфилердің қасиетті орындарын ойрандағандардың ісін айыптап, оларды жауапқа тартуға шақырды.

«Мұндай өрескел іс-әрекеттер біздің дінімізге, салт-дәстүріміз бен заңымызға қайшы келеді. Мұны істегендер қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс» деп мәлімдеді Мұхаммед Магариф.

Ливияда радикалдық исламшыл топтың өкілдері сенбі күні Триполидегі әл-Шааб әл-Дахман мешітін техниканың көмегімен қиратқан. Куәгерлердің айтуынша, полиция бұл оқиғаны сырттай ғана бақылап тұрған.

Жұма күні Триполиден 160 шақырымдай жердегі Злитан қаласында белгісіз біреулер Әбдісалам әл-Асмар шейхтың мешітін де қиратып, кітапханадағы діни кітаптарды өртеп, есімдері жұртшылыққа белгілі суфилердің зираттарын бүлдірген еді.
XS
SM
MD
LG