Accessibility links

Назарбаев Мақтай Сағдиевтың отбасына көңіл айтты


Алматыдағы бұрынғы Қазақ ССР жоғары кеңесінің ғимаратында қазір қазақ-британ техникалық уинверситеті орналасқан.

Алматыдағы бұрынғы Қазақ ССР жоғары кеңесінің ғимаратында қазір қазақ-британ техникалық уинверситеті орналасқан.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиевтің дүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдағаны туралы ақпарат бүгін президенттің ресми сайтында жарияланды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мақтай Сағдиев сенбі күні Алматыда қайтыс болған.

1929 жылы мамырдың 12-күні Солтүстік Қазақстанда дүниеге келіп, Семей педагогика институты мен Алматы жоғары партия мектебін бітірген Мақтай Сағдиев 1971-1983 жылдар аралығында Торғай, Қостанай облыстық атқару комитеттерінде төрағаның орынбасары, Қазақ ССР балық шаруашылығының министрі, Көкшетау облыстық компартия комитетінің бірінші хатшысы лауазымдарын атқарды. Қазақстан компартиясы орталық комитетінің мүшесі, Қазақ ССР жоғары кеңесі президиумының төрағасы болып сайланды.

1991 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің төрағасы міндетін атқарды. Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің депутаты болды. Совет үкіметі мен Қазақстан Республикасының бірнеше мемлекеттік наградаларының иегері.
XS
SM
MD
LG