Accessibility links

Pussy Riot тобының екі мүшесі Ресейден кетіп қалған


Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Путинге қарсы ән салған Pussy Riot панк тобының мүшелері. Мәскеу, 4 ақпан 2012 ж.
Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында Путинге қарсы ән салған Pussy Riot панк тобының мүшелері. Мәскеу, 4 ақпан 2012 ж.
Ресейдегі Pussy Riot панк-тобының екі мүшесі ол елден кетіп қалғаны туралы ақпарат аталған топтың Твиттер әлеуметтік желісіндегі парағында жарияланды.

Тамыздың 17-күні Мәскеудегі Хамовник аудандық соты Pussy Riot тобының ғибадатханада ән айтқан мүшелері - Надежда Толоконникова, Мария Алехина, Екатерина Самуцевичтің әрқайсысын 2 жылға соттап, жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарғаны мәлім.

Ал полиция топтың қалған мүшелерінің үстінен жеке қылмыстық іс қозғап, оларға іздеу жариялағаны осы аптада белгілі болған еді. Топтың құрамында нақты қанша мүшесі бар екендігі белгісіз, кейбір деректер бойынша олардың саны он адамға дейін жетеді.

Pussy Riot тобының мүшелеріне қарсы сот Ресейде ғана емес, шетелдерде де қоғамның назарын аударып, әлемнің көптеген қалаларында сотталған қыздарды қолдау акциялары өтті.
XS
SM
MD
LG