Accessibility links

Министр: Ақсай шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды


Ішкі істер министрі Қалммұханбет Қасымов.

Ішкі істер министрі Қалммұханбет Қасымов.

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жексенбіде жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында Алматы облысының Ақсай шатқалында қаза тапқан он екінші адамның мәйіті табылғанын растады.

"Қазір 12 адамның табылғаны туралы айта аламыз. Оның алтауы - қорықшы Панайот Захаропулоның өртенген үйінен, қалған алтауы екінші орманшының өртенген үйінен табылды" дейді министр.

Бұған дейін министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз он екінші адамның мәйіті де табылуы мүмкін екенін, бірақ сот-медициналық сараптама жасалуы тиіс екенін мәлімдеген.

13 тамызда Іле-Алатау ұлттық паркінің Ақсай шатқалында 11 адамның мәйіті табылған. Қаза болғандардың арасында парктің қорықшысы Панайот Захаропуло да бар.
XS
SM
MD
LG