Accessibility links

Қырғызстанда СДП коалиция құрады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бүгін парламенттегі басқарушы жаңа коалицияны жасақтауды Социал-демократиялық партиясына (СДП) тапсырды.

Бұған дейінгі парламенттік коалиция өткен аптада құрамынан "Ар-Намыс" және "Ата Жұрт" партиялары шығып кеткен соң ыдыраған. Бұдан соң заңға сәйкес үкімет те отставкаға кетті.

Енді 17 қыркүйекке дейін парламенттік коалиция құрылып, жаңа премьер-министр тағайындалуы тиіс. Олай болмаған жағдайда коалицияны құру мандаты парламенттегі басқа партияға беріледі.

Қырғызстанның социал-демократиялық партиясын президент Алмазбек Атамбаевтың өзі оппозиция жетекшілерінің бірі болып жүргенде құрған.
XS
SM
MD
LG