Accessibility links

Сирия көтерілісшілері үкімет күштерінің тікұшағын жойды


Сирия көтерілісшілері атып түсірген үкімет күштерінің әскери жойғыш тікұшағы. Дамаск, 27 тамыз 2012 жыл.

Сирия көтерілісшілері атып түсірген үкімет күштерінің әскери жойғыш тікұшағы. Дамаск, 27 тамыз 2012 жыл.

Сирияның мемлекеттік телеарнасы "бүгін көтерілісшілер Дамаскінің шығыс бөлігінде үкімет күштерінің әскери жойғыш тікұшағын атып түсірді" деп хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Дамаскі маңындағы кейбір елді мекендерде көтерілісшілер мен президент Башар Асадты қолдайтын күштердің арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр.

Ал бүгін Башар Асад Иранның Сирия дағдарысын реттеудің жаңа жоспарын дайындауға кіріскеніне қолдау білдірді. Иран Тегеранда өтіп жатқан ешқандай ұйымға қосылмайтын елдер ұйымының саммитінде Сириядағы қақтығысты реттеудің жаңа жолдарын ұсынады деген болжам бар.

Сириядағы құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, Дамаскінің маңында жексенбіде 320 адамның мәйіті табылған.
XS
SM
MD
LG