Accessibility links

Қазақстан: Сирия дағдарысына сырттан килігуге болмайды


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі халықаралық қауымдастықты Сириядағы қақтығысқа араласпауға шақырды.

Министрліктің ресми өкілі Алтай Абибуллаевтың мәлімдеуінше, Қазақстан Сирияда қақтығыс жалғасып, одан құрбан болғандар санының артуына алаңдайды. "Біз Сирияның ішкі ісі мен егемендігіне қол сұғуға болмайды деп санаймыз, себебі ондағы жағдайға сырттан ықпал етуге бағытталған кез-келген әрекет елдегі ғана емес, тұтас аймақтағы ахуалдың нашарлауына ұласады" деді ресми өкіл.

Сирия құқық қорғаушыларының дерегі бойынша, халық толқулары мен қарулы көтерілісшілердің президент Башар Асад режиміне қарсы тұрулары басталған 2011 жылдың наурызынан бері елде 22 мыңнан астам адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG