Accessibility links

Арқанкергендегі оқиға бойынша тергеу 1 айға ұзарды


Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Шекарашы Владислав Челах "қылмыс жасағанын мойындап" тұр. (YouTube видеосынан жасалған скриншот). 13 маусым 2012 жыл.
Арқанкерген шекара заставасындағы шекарашылардың өліміне қатысты тергеу ісі бір айға ұзарды деп хабарлады бас әскери прокурордың аға көмекшісі Акбар Әбділдинге сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Әбділдиннің айтуынша, тергеушілер істі сотқа таяу уақытта жібере алмайды.

Арқанкергендегі оқиға 30 мамырда мәлім болған. «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген заставасынан 14 шекарашы мен бір қорықшы - барлығы 15 адамның сүйегі табылған.

Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах ұсталды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы Челахтың «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады. Бірақ Челахтың туыстары оның қылмыс жасағанына сенбейтіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG