Accessibility links

Алқа билер Курамшиннің бас бостандығын 1 жылға шектеді


Пара талап етті деп айыпталған құқық қорғаушы Вадим Курамшин сот залында отыр. Тараз, 2 мамыр 2012 жыл. Фотоны азаматтық белсенді Дмитрий Тихонов түсірген.

Пара талап етті деп айыпталған құқық қорғаушы Вадим Курамшин сот залында отыр. Тараз, 2 мамыр 2012 жыл. Фотоны азаматтық белсенді Дмитрий Тихонов түсірген.

Бүгін Тараз қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында құқық қорғаушы Вадим Курамшинге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның адвокаты Искандер Әлімбаев телефон арқылы хабарлады.

Оның айтуынша, алқа билер соты оған тағылған үш айыптың екеуін дәлелденбеді деп тауып, тек бір айып бойынша ғана соттаған. Курамшинге бұған дейін "алаяқтық жасады", "прокуратура қызметкерінен пара талап етті" және "өктемдік көрсетті" деген айыптар тағылған еді. Алқа билер тек соңғы айып бойынша оны кінәлі деп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеп, сот залынан босатқан.

Вадим Курамшин – түрмедегі тұтқындардың құқықтарын қорғау қызметімен танылған белсенді. Ол «прокуратура қызметкерінен пара талап етті» деп айыпталып, биыл қаңтар айының 23-інен бері Тараз қаласының түрмесінде отырды.
XS
SM
MD
LG