Accessibility links

Дағыстанда жарылыстан діни қауым жетекшісі қаза тапты


Дағыстандағы сопылық қауым жетекшілерінің бірі - Саид афанди әл-Чиркави (Ацаев).
Дағыстандағы сопылық қауым жетекшілерінің бірі - Саид афанди әл-Чиркави (Ацаев).
Дағыстанда сейсенбіде жанкешті әйел жасаған жарылыстан республикадағы ықпалды діни тұлға, сопылық қауым жетекшілерінің бірі Саид афанди әл-Чиркави (Ацаев) қаза тапты. Жарылыстан онымен бірге тағы үш адам құрбан болып, ондаған адам жараланды.

Жанкешті әйел діни жетекшінің үйіне зиярат жасаушы кейпінде барып, өзін-өзі жарған.

Дағыстан мұсылмандары негізінен сопылық жолды ұстанатындар мен салафилік бағытты қолдайтындар болып екіге бөлінеді. Солтүстік Кавказда астыртын әрекет ететін содырлар да көбінесе салафилік бағытты ұстанады.
XS
SM
MD
LG