Accessibility links

Республикашылар Митт Ромнидің кандидатурасын қолдады


АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Митт Ромни. 22 тамыз 2012 жыл.

АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Митт Ромни. 22 тамыз 2012 жыл.

АҚШ-та 65 жастағы Митт Ромни 6 қарашада өтетін ел президенті сайлауына Республикалық партия атынан үміткер деп танылды.

Оның кандидатурасын партияның Тампа қаласында (Флорида штаты) өткен съезіне қатысқандардың басым көпшілігі қолдады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ромни жеңіске жетуге қажетті межеге - съезге қатысушы 1144 адамның қолдауына ие болды.

Митт Ромни - Массачусетс штатының экс-губернаторы және бұрынғы кәсіпкер. Сайлауда ол қазіргі президент Барак Обамамен бәсекеге түседі.

Барак Обаманы президенттікке ұсынатын Демократиялық партияның жиыны келесі аптада Солтүстік Каролина штатында өтеді.
XS
SM
MD
LG