Accessibility links

Ясир Арафаттың өліміне қатысты тергеу басталды


Палестина автономиясының алғашқы президенті Ясир Арафат. 4 қаңтар 2004 жыл.

Палестина автономиясының алғашқы президенті Ясир Арафат. 4 қаңтар 2004 жыл.

Франция прокуратурасы Палестина автономиясының бұрынғы жетекшісі Ясир Арафаттың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Енді бұл істі жүргізетін судья тағайындалуы тиіс.

Тергеу Ясир Арафаттың отбасының сұрауы бойынша басталды. Биыл шілде айында швейцариялық ғалымдар Арафат қолданған кейбір заттардан радиоактивті элемент - полонийдің бөлшектерін тапқанын жариялаған.

Палестина автономиясының жетекшісі 2004 жылы 75 жасында Париж ауруханасында қайтыс болған. Оған ресми түрде инсульт алды деген диагноз қойылған. Бірақ палестиналықтардың көпшілігі оны Израиль улап өлтірді деп санайды. Ал Израиль билігі Арафаттың өліміне қатысы жоғын айтады.

Ясир Арафат Палестинаны азат ету ұйымын 35 жыл басқарып, 1996 жылы Палестина автономиясының тұңғыш президенті болды.
XS
SM
MD
LG