Accessibility links

Түрмедегі Беларусь белсендісіне тағы бір жыл жаза қосылды


Беларусь оппозициясының өкілі Змитер Дашкевич сот залында отыр. Минск, 24 мамыр 2011 жыл.

Беларусь оппозициясының өкілі Змитер Дашкевич сот залында отыр. Минск, 24 мамыр 2011 жыл.

Беларусьтің тіркелмеген "Жастар майданы" оппозициялық қозғалысының жетекшісі Змитер Дашкевичтің жазасына сот тағы бір жыл мерзім қосып берді. Мұндай үкім Витебск облысының Глубокое қаласындағы түзеу мекемесінде болған жабық сот отырысында шықты. Дашкевичке "колония әкімшілігіне ұдайы, қасақана бағынбай келеді" деген айып тағылған.

Змитер Дашкевич "2010 жылы желтоқсанда президент сайлауы болардан бір күн бұрын екі адамға шабуыл жасады" деп айыпталып, 2011 жылы екі жылға сотталған. Бірақ ол өз айыбын мойындамайды.

Биыл шілдеде Amnesty International халықаралық ұйымы Беларусь билігін Дашкевичті қудалауды тоқтатуға шақырған. Мұның алдында ұйым оны саяси көзқарасы үшін сотталған "ар-ұждан тұтқыны" деп жариялаған.
XS
SM
MD
LG