Accessibility links

Жаңаөзенде құқық қорғаушы пикетке шықты


Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл
Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева. Ақтау, 7 мамыр 2012 жыл
Жаңаөзенде құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева бүгін қалалық әкімдіктің алдына наразылық пикетіне шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Адам құқықтарын қорғау ісімен айналысатын "Заман" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Әсел Нұрғазиева наразылық шарасына плакат ұстап шыққан. Онда Жаңаөзен оқиғасында қаза тапқандардың суреті мен "Әркімнің өмір сүруге құқығы бар" деген жазу болған. Бірақ полицейлер оның плакатын алып кеткен.

Жаңаөзендік бір топ әйел де конституция күнінің қарсаңында әкімдік алдында митинг өткізуге өтініш берген еді. Бірақ кеше оларды прокуратураға шақыртып, пикет өткізуге болмайтынын, егер өткізген жағдайда үстілерінен қылмыстық іс қозғалатынын айтып ескерту жасаған.

Бүгін белсенді әйелдерді қала әкімі қабылдады. Кездесуде әйелдер әкімдікке Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккендердің ісімен айналысу үшін ұйымдарына кеңсе беруді, Жаңаөзен оқиғасында зардап шеккен тұрғындардың "Заман" ұйымына жүгінуін әкімдік ресми түрде хабарлауды талап еткен.
XS
SM
MD
LG