Accessibility links

Дағыстанда атыстан 7 адам қаза тапты


Қауіпсіздік қызметкері. Дағыстан. (Көрнекі сурет).

Қауіпсіздік қызметкері. Дағыстан. (Көрнекі сурет).

Дағыстанның Дербент ауданында кеше әскери бөлімдегі атыстан 7 адамның қаза тапқаны белгілі болды деп хабарлады бүгін Ресейдің тергеу комитеті. Атыстан алты адам жараланған.

Сейсенбіде Дербент ауданының Белиджи елді мекенінде орналасқан әскери бөлімде Федералдық қауіпсіздік қызметі шекара басқармасының келісім-шартпен қызмет істейтін сержанты Рамазан Әлиев ішкі әскердің тексеру және өткізу бекеті мен ондағы қызметкерлерді автоматтан атқылаған. Қарсы атылған оқтан Әлиевтің өзі де қаза тапты.

Қазір оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG