Accessibility links

Stratfor: Сирияда Асад кетсе, Иранда да өзгеріс болады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад (сол жақта) және Сирия президенті Башар Асад. Стамбул, 9 қараша 2009 жыл.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад (сол жақта) және Сирия президенті Башар Асад. Стамбул, 9 қараша 2009 жыл.

АҚШ-тың Stratfor («Стрэтфор») барлау мекемесі Сирияда билік ауысса, Иранға қалай әсер етуі мүмкін екенін талдайды. Агенттіктің ойынша, Сирия – Иранның аймаққа ықпал етудегі басты құралы.

«Дамаскіде ираншыл биліктің болуы Тегеранның Бағдаттан Ливанға дейінгі аралықта одақтастар тобын қалыптастыруына жәрдемдесті. Халықаралық қауымдастықтың Сирия президенті Башар Асадқа қысым жасап жатқанын ескерсек, Тегеран аймақтағы амбициясы мен ішкі саяси жағдайға қатысты ұстанымын қайта қарап, Сирия сияқты одақтастан айырылып қалуға дайындалып жатса керек» деп тұжырымдайды Stratfor сарапшылары.

АЙМАҚТАҒЫ ЫҚПАЛ

Stratfor Батыс тарапынан Иранның мүдделеріне қатер төніп тұрғанын, халықаралық санкциялар Тегеранға экономикалық және қаржылық қысымды күшейтіп жатқанын еске салады.

Елдің саяси элитасы 2013 жылғы президент сайлауының қарсаңында аймақтардағы діни ағымдардың наразылығына және ішкі экономикалық тоқырау салдарына қарсы тұруға тиіс. Бұған қоса Революциялық гвардия мен Иранның дінбасылары арасында билік үшін тайталас та қызып келеді. «Иранның аймақтағы тегеуріні азайып барады, ал дінбасылар ішкі наразылықты бәсеңдетіп, билік тізгінін қайткенде де өз қолында ұстап қалуға бар күшін салуы керек» деп жазады сараптама авторлары.

75 миллион тұрғыны бар Иран – Парсы шығанағы аймағындағы ең ірі мемлекет. Соған қарамастан, исламның шиит бағытын ұстанатын осы үнді-арийліктер сүннит арабтардың арасында этникалық азшылық болып қалды. Осыған байланысты Иран аймақтағы шииттердің барлығын өз ықпалына тартуға алуға тырысады. Мәселен, 2003 жылы баасистер режимі құлатылған соң Иран Ирактың оңтүстігіндегі шииттер тығыз қоныстанған аймақты (соның ішінде Бағдат қаласын) қанатының астына алды. Саддам кеткен соң Иран батысқа қарай құлашын кең жайып, Жерорта теңізіне дейінгі аралыққа үстемдік етуге мүмкіндік алды. Асад режимі құлаған жағдайда Иранның аймақтағы одақтастарымен, әсіресе «Хезболла» сияқты бүлікшілермен байланысы үзіледі.

АЯТОЛЛА МЕН ПРЕЗИДЕНТ

«Тегерандағы дінбасылар Иранның алауит режимімен әріптестігінің стратегиялық мәнісін ескере отырып, Асад кеткен соң болатын өзгерістерге қазірден әзірленіп жатыр» дейді сарапшылар.

Ол өзгерістер қатарында сүнниттер тарапынан болатын қысымға төтеп беру үшін саяси және қауіпсіздік институттарындағы күштер балансын қайта реттеу шарасы Аятолла Али Хаменеи. Иран, 19 тамыз 2012 жыл.

Аятолла Али Хаменеи. Иран, 19 тамыз 2012 жыл.

да бар. «Бұл өзгерістердің кейбірі, әсіресе 2013 жылғы президент сайлауынан бұрын іске асырылуы тиіс шаралар, қазірдің өзінде қолға алынды. Соның ішінде президенттің аятолла билігіне қарсылық білдіру мүмкіндіктерін шектейтін жаңа ереже бар. Сириядағы таяп қалған билік ауысу оқиғасы бұл өзгерістерді тездетіп жіберді» деп жазады сараптама авторлары.

Сирияда Башар Асад билігі құласа, Иранда болатын кадрлық өзгерістер бұл елдің саяси жүйесіндегі үш маңызды элементті – Аятолла Әли Хаменеи бастаған діни басшылықты, президент Махмуд Ахмадинежад бастаған ұлтшыл-консерваторларды, Қасем Сүлеймани бастаған Ислам революциялық гвардиясын қамтиды.

ДІНИ ӘЛИТА

Ахмадинежад пен Хаменеи арасындағы бәсекені Ислам революциялық гвардиясы өз мақсатына тиімді пайдаланып келеді. Дінбасы Рафсанжани Хатами және Ахмадинежадтардың топтарынан басымдығын сақтап қалу үшін революциялық гвардияның қолдауына аса мұқтаж. Мұны пайдаланған гвардия орталық үкіметтің көзжұмбайлығына сүйеніп, заңсыз контрабандалық әрекеттерін ашық жүргізуге көшті дейді сарапшылар.

«Алайда Хаменеи заң жүзінде Ислам революциялық гвардиясына бақылау жасайды, сондықтан бұл топ діни басшылықтың бюджетінен қаржыландырылады. Иранның президенті мен дінбасылары намаз оқып тұр. Иран, 19 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Иранның президенті мен дінбасылары намаз оқып тұр. Иран, 19 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Өз өктемдігін бекіту үшін діни басшылық азаматтық, әскери және қауіпсіздік қызметтерінен үстем тұруы керек. Діни тұлғалар арасындағы бақталастық өзара ауызбірлікке және режимді сақтауға деген берік ұстанымды әлсірете алмайтын тәрізді. Оның үстіне діни басшылар өздерін тікелей басқарушы емес, жоғарыдан бақылаушы етіп көрсеткісі келеді» деп жазады Stratfor.

Рухани басшылықтың бір ұтып тұрған жерді – олар түрлі реформаларды орындату үшін үкіметтік күштерге сүйенеді, сондықтан сәтсіз шыққан нәрселерден бойын аулақ сала алады. Иранның аймақтық ықпалының азаюына байланысты болатын өзгерістерден абыроймен шығатын да осы діни топ болмақ дейді сарапшылар.

АЗАМАТТЫҚ БИЛІК

Сайлаудағы жеңісінен соң консерваторлық идеологиясын пәрменді жүргізе алмаған президент Ахмадинежад өзінің әлсіреп бара жатқан саяси позициясын нығайтып алу үшін ұлтшыл сыртқы саясатын бұрынғыдан да қарқынды түрде жүзеге асыра бастайды.

Діни элита Ахмадинежадтың бұрынғы президенттер – Әли Акбар Хашеми Рафсанжани мен Мұхамед Хатамилер жүргізген консервативтік-прагматикалық және реформистік саясаттарын өткір сынау әрекетін өз мақсаттарына тиімді пайдалана алды. Өз қарсыластары қазіргі президенттің экономикалық-әлеуметтік саясатын үнемі сынап отырса, діни басшылық елдегі экономикалық тоқыраудың себебін Батыстың санкцияларынан емес, Махмуд Ахмадинежад әкімшілігінің саясатынан көріп, оны кінәлайды.

Бірақ Иран президентін ауыл мен қаладағы қалың кедей қолдап отыр. Сондықтан Ислам революциялық гвардиясы Ахмадинежад биліктен кеткен жағдайда ұлтшылдық сарындағы популистік бүліктің басталатынын ескеріп, соған әзір болуы керек дейді Stratfor мамандары.

ИСЛАМ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ГВАРДИЯСЫ

«Ислам революциялық гвардиясы құрылған кезінен бастап елді бірнеше мәрте қорғауға қатысты. 2009 жылы Ахмадинежадқа қарсы наразылық шаралары Иран Ислам революциялық гвардиясы басшысы Рамезан Шариф. (Көрнекі сурет)

Иран Ислам революциялық гвардиясы басшысы Рамезан Шариф. (Көрнекі сурет)

басталғанда, халықты тыныштандыруда басты роль атқарды» дейді сарапшылар. Гвардия елдің ядролық отыны мен қауіпсіздік нысандарын да қорғайды.

2009 жылдан бері Ислам революциялық гвардиясы контрабандалық және әскери желі құру арқылы елдің батысқа қарай ықпал ету мүмкіндіктерін арттырып келеді. Бірақ ықпалы зор болса да, бұл топ діни басшылыққа тікелей бағынышты. Оған қоса Иран әскери күштерімен арадағы бәсеке де күшті. Революциялық гвардия құрамында 125 мың сарбаз болса, Иран қарулы күштерінде 550 мың әскер бар.

«Биліктегі өзгерістердің нәтижесінде жемқорлықты азайту мақсатында шекарадағы қозғалыстарды бақылауға революциялық гвардиясға қарсы күш – Ұлттық полиция жұмылдырылуы мүмкін» деп болжайды Stratfor сарапшылар. Мұндай жағдайда Ислам революциялық гвардиясының үкіметтен тәуелсіз әрекет етуі қиындай түседі.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG